Әлем • 03 Қараша, 2021

Ресей, Қытай және Үндістан АҚШ пен ЕО бастамасынан бас тартты

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Метан шығарындыларын азайту бойынша АҚШ пен ЕО бастамасына 100-ден астам ел қосылды, бірақ Ресей бұл тізімнен табылмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей, Қытай және Үндістан АҚШ пен ЕО бастамасынан бас тартты

АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Еуропалық сыртқы саясат қызметінің мәліметінше, 2030 жылға қарай метан шығарындыларын 30%-ға төмендету бойынша келісім жасалды.

«Температураның өсуін 1,5 градус цельсий деңгейінде шектеу мақсатында АҚШ, Еуропалық Одақ және олардың серіктестері ресми түрде метан шығарындыларын азайту бастамасына қол қойды», делінген құжатта.

Келісімге қол қойған мемлекеттер әлемдік экономиканың 70 пайызын құрайды. Бұл елдерге әлем бойынша метанның антропогендік қалдығының жартысы тиесілі. Алайда құжатқа Ресей, Қытай, Үндістан қол қоюдан бас тартты.

«Интерфакстың» хабарлауынша, парниктік газдың атмосферада жылуды сақтау қабілеті көмірқышқыл газына қарағанда әлдеқайда жоғары. Көптеген сарапшы метан өндірісі жаһандық жылынудың потенциалы көмірқышқыл газына қарағанда көп екенін айтып дабыл қағуда. Өйткені метан қысқа мерзімде атмосфераны жылдам қыздырады және СО2-ге қарағанда тез таралады.