Үкімет • 04 Қараша, 2021

Көрші елдердің эпидахуалын ескеру керек – Асқар Мамин

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин өңірлердің бәрінде коронавирусқа қарсы егу шараларын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көрші елдердің эпидахуалын ескеру керек – Асқар Мамин

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Барлық өңірлерде вирус жұқтыру деңгейі, ауыр жағдайдағы науқастардың, стационарлық және амбулаторияда ем алып жүргендердің саны азайды. Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары «қызыл» аймақтан шықты. Қазір онда тағы төрт өңір қалды.

«Сары» аймақта – 4, «жасыл» аймақта – 9 облыс бар. Дегенмен көрші елдердегі жағдайды да ескеру керек. Барлық өңірлерде шектеу шараларын қамтамасыз ету қажет. Мониторинг топтары күшейтілген режимде жұмыс істеуге тиіс», деді ол Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Премьер-Министр вакциналау қарқыны айтарлықтай жақсара қоймағанын атады.

«Қазіргі уақытта 8,3 миллионнан астам адам екпенің бірінші компонентін, 8,5 миллионнан астам адам екінші компонентін алды. Елорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстары қарқынды күшейтсін. Әкімдіктер мен денсаулық министрлігі емудеу мекемелерінің қоймаларындағы дәрілік препараттар мен бұйымдарға тексеру жүргізіп, олардың қажетті көлемін толық қамтамасыз етсін», деді Асқар Мамин.