Экология • 04 Қараша, 2021

Қоғамдық көліктер экологиялық таза жанармайға ауысады

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, 2030 жылға дейін қаладағы қоғамдық көліктер экологиялық таза жанармайға ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамдық көліктер экологиялық таза жанармайға ауысады

«2018 жылдан бастап Еуро-5 экологиялық стандартқа ауыстырылды. Жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, 2030 жылға дейін барлық қалалық жолаушылар көлігін экологиялық таза жанармайға ауыстыруға қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Автокөлік құралдарының нормативтік техникалық жай-күйін және зиянды заттар шығарындылары нормаларын сақтау үшін техникалық тексеру орталықтарының және көлік иелерінің техникалық тексеруден жалған өткені үшін жауапкершілігін күшейту жұмысы жүріп жатыр», деді ол Үкімет отырысында.

Вице-министрдің мәліметі бойынша, 2025 жылға дейін барлық техникалық нормативтер халықаралық стандартқа сәйкестендіріліп, қабылданған шаралар 2030 жылға дейін жүк көлігінің кемінде 30% және жеңіл көліктердің шамамен 70% экологиялық таза жанармайға ауыстыруға мүмкіндік береді.