Қоғам • 04 Қараша, 2021

Мағзұм Мырзағалиев бензин қымбаттауына байланысты пікір білдірді

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда бензин қымбаттағаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мағзұм Мырзағалиев бензин қымбаттауына байланысты пікір білдірді

«Шынында да, кеше бензин қымбаттады деген ақпарат келді. Кейінгі үш жылдағы статистиканы қарадым, 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін АИ-92 бағасы 163 теңгеден 178 теңгеге, үш жыл ішінде 15 теңгеге қымбаттағанын көріп отырмыз. Бұл, әрине, аз қарқынмен өсу, бірақ алаңдатарлық жайт», деді министр Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Энергетика министрлігінің басшысы қазір елімізде бензин қымбаттауына негіз жоқ екенін айтты.

«Бензин қажет мөлшерде өндіріліп, жөнелтіледі. Бүгінгі таңда бензинге қатысты жағдай тұрақталды. Кеше ақпарат түскеннен кейін ірі ЖМҚС-пен жұмыс істей бастадық. Ең алдымен неліктен бұлай болғанын түсіну керек, бірақ қазір ешқандай негіз жоқ деп санаймыз. Бұл жұмысты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіндегі әріптестерімізбен бірге жүргіземіз.

Бензин мен ЖЖМ бағасы тұтастай реттелмейтінін атап өткім келеді. Сондықтан біздің министрлік бағаны реттеуге жауап бермейді, бірақ жауапкершілікті ескеріп, бұл мәселемен айналысамыз», деп түйіндеді Мырзағалиев.