Қазақстан • 04 Қараша, 2021

«Бәйтерек» зымыран кешенін құру туралы заң жобасы талқыланды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатта Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бәйтерек» зымыран кешенін құру туралы заң жобасы талқыланды

Отырыс барысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.

Хаттаманы ратификациялау Келісімдегі қаржылық міндеттемелер жөніндегі бірқатар жағдайға маңыз беруге және бірлескен кәсіпорындағы міндеттерді қайта бөлуге мүмкіндік береді.

Құжатта тараптардың «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің ұшу сынақтарын 2023 жылы орта дәрежелі тасымалдағыш зымыранмен бастауға бағытталған өзара міндеттемелер көзделген.

Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед аталған заң жобасы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын дамытуға мүмкіндік беретінін және «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінен ұшыруды қамтамасыз етудегі тараптардың міндеттері нақты бөлінетінін атап өтті.

Комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша депутаттар заң жобасын Палатаның қарауына беру туралы шешім қабылдады.