Президент • 04 Қараша, 2021

Моноқалалардың халқы 2 есеге азайды – Президент

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыс өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Моноқалалардың халқы 2 есеге азайды – Президент

Ақорданың Twitter-де жариялаған ақпаратына сәйкес, Мемлекет басшысы жиналыс барысында моноқалаларда халық санының азаюы проблемасына назар аударды.

«Моноқалалар үшін тұрғындардың облыс орталықтары мен басқа қалаларға көшіп кетуі тән болып тұр. 1999 жылдан бері моноқалалардың халқы 2 есеге, 3 миллионнан 1,5 миллион адамға азайған. Негізінен халықтың экономикалық тұрғыда белсенді халқы, әсіресе жастар көшіп кетіп жатыр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.