Оқиға • 04 Қараша, 2021

Жезқазғанда орталық аурухана өртенді

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазған қаласының Орталық ауруханасындағы палаталардың бірінен өрт шықты. Өртті сөндіргеннен кейін оқиға орнында 60 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жезқазғанда орталық аурухана өртенді

3 қараша күні сағат 11:58-де Жезқазған қаласының орталық ауруханасы ғимаратынан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына ТЖД-нің 24 адамы мен 7 техникасы жіберілді. 4-қабаттағы палатада ауданы 10 ш.м. алаңды жалын шарпыды.

«Өрт орнынан 1961 жылы туған науқастың денесі табылды. Қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі таңда аурухана штаттық режимде жұмыс істеуде», деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Қарағанды облысы ТЖД күшімен жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 12:21-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен науқастың неден қаза болғаны анықталып жатыр», деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы қайтыс болған науқастың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.