Президент • 04 Қараша, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездесті

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Президенттік жастар кадр резервінің осы өңірдегі өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездесті

Президенттік жастар кадр резервінің бірқатар өкілі, атап айтқанда, Ертіс ауданының әкімі Аян Бейсекин, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко және «Екібастұз МАЭС – 2» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Сүйентаев Мемлекет басшысының алдында сөз сөйлеп, беріліп отырған мүмкіндік үшін алғыс айтты. Олардың айтуынша, Президенттік жастар кадр резервін құру, ауыл әкімдерін сайлау сияқты бастамалар – жастарға жол ашып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастардан өңірдегі өзекті мәселелер туралы сұрап, кадр резервінде болудың жауапкершілігін атап өтті.

«Жастар кадр резерві дегеніміз – мемлекеттің резерві. Мәселе үлкен бастық болуда емес, резерв өкілі болудың мәні – ел үшін аянбай еңбек етуде. Мемлекеттің дамуы жолында өздеріңіздей мамандар қажет. Біз бүгін осы өңірдегі және еліміздегі түйткілді мәселелерді ашық талқыладық. Соны жүзеге асыруға сіздердің көмектеріңіз қажет болады. Барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін», деді Мемлекет басшысы.