Қоғам • 07 Қараша, 2021

Энергетика министрлігі: Жанармай бекеттері «бензин жоқ» десе, бізге хабарлаңыздар

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Энергетика министрлігі әлеуметтік желідегі «жанармай бекеттерінде бензин жоқ» деген мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды, Egemen.kz.

Энергетика министрлігі: Жанармай бекеттері «бензин жоқ» десе, бізге хабарлаңыздар

«Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде « кейбір жанармай құю бекеттерінде бензин жоқ» деген ақпарат пайда болды.

Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармай өндірісі үздіксіз жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Қор көлемі халықтың бензинге деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті», деп жазады министліктің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметіне сенсек, елде бензин тапшылығын туғызатындай негіз бен алғышарт жоқ.

«Егер жанар-жағармай құю станциялары бензиннің жоқтығын алға тартып, сатудан бас тартса, бұл туралы ақпаратты дереу +7 777 999 52 18 WhatsApp нөмірі бойынша хабарлауды сұраймыз. Энергетика министрлігінің мамандары ақпараттың растығын тексереді. Нарықта жанар-жағармай материалдарының бағасы негізсіз өсуі және жасанды тапшылық туғызу әрекеттері фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданатын болады», делінген ресми ақпаратта.