Әлем • 08 Қараша, 2021

Шаянның бағасы – 7 мың доллар

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен аптада Жапонияда балық аулау портындағы аукционда қар шаяны 7 050 долларға сатылды. Фукуи префектурасында болған ерекше сәт қысқы дәмді тағамдар маусымының ашылуымен тұспа-тұс келіп отыр.

Шаянның бағасы – 7 мың доллар

Қар шаянының бағасы осылайша рекордтық деңгейге жетті. Оны префектура үкіметі Kiwami брендімен сатты. Сатып алған жергілікті мейрамхана иесі крабты клиенттерге жоғары деңгейде қызмет ету үшін алғанын жеткізген.

2015 жылдан бастап Фукуи билігі жергілікті маңнан ауланған қар шаяндарының аз ғана бөлігін кивами брендімен сата бастады. Жәндікті саудаламас бұрын салмағы мен симметриялы көрінісін есептеп, нағыз брендтік нұсқаға сәйкес келетінін мұқият таңдайды.

Биылғы наурызға дейін 67 қар шаяны немесе жалпы ауланған шаяндардың 0,04 пайызы кивами крабы ретінде сатылған.