Фото: Ашық дереккөз
Депутат Қазыбек Исаның айтуынша, депутаттар сұрақтарды қазақ тілінде қойғанымен, вице-министр Ботагөз Жақселекова жауапты орыс тілінде берген.
«Сіз Әділет вице-министрі ретінде мемлекеттік тіл қазақ тілі екенін білесіз. Осында қаншама депутат сұрақ қойды, соның бірде-біреуіне қазақ тілінде жауап бермедіңіз. Тіпті, Екатерина Смолякованың мемлекеттік тілдегі сұрағына мемлекеттік тілде жауап бере алмадыңыз. Әділет вице-министрінің мемлекттік тілді білмеуі – әділетсіздік», деді депутат.
Сондай-ақ халық қалаулысы министрлік өкіліне келесі жолы мемлекеттік тілді меңгеріп келуді, болмаса орнына басқа адамды жіберуді сұрады.
Жаңа заң: Жеке деректерді заңсыз пайдаланған нотариустар лицензиясынан айырылады
Еске сала кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысындағы талқылауларда Әділет министрлігі бірқатар заң жобасындағы өзгерістерді таныстырды.