Спорт • 08 Қараша, 2021

Көш басында – Тадей Погачар

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) 2021 жылғы барлық жарыс­тардың қорытындысын негізге ала оты­рып, әлемдік рейтингті қайта жа­ңартты.

Көш басында – Тадей Погачар

Жекелеген спортшылар арасында ең үздік көрсеткіш UAE Team Emirates клубының мүшесі Тадей Погачарға тиесілі. 23 жастағы Словенияның саңлағы биыл «Тур де Франста» топ жарып, тағы бірқатар жарыста жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші және үшінші орындарды Бельгияның беткеұстары Ваут Ван Арт пен Словенияның тағы бір сайыпқыраны Примож Роглич иеленді. Бұл спортшылардың екеуі де Jumbo-Visma клубы сапында өнер көрсетеді. «Астананың» ең үздік велошабандоздары – Александр Власов пен Алексей Луценко 35 және 39-орындарға жайғасты.

Командалар арасында Бельгияның Deceuninck – Quick-Step, Ұлыбританияның INEOS Grenadiers және Нидерландтың Jumbo-Visma клубтары үздік үштіктің қата­рында. «Астана» 13-орынды еншіледі. Ұлт­тық құрамалар рейтингінде Бельгияның вело­шабандоздары жеке-дара көш бастап тұр. Қазақстан бұл тізімде 23-сатыға табан тіреді.