Аймақтар • 08 Қараша, 2021

«Айжан қыз» – бас жүлдегер

846 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы оқушыларды өнердің сан саласына баулиды. Мұнда оқу­шылар сурет салуға ма­шық­танады. Ән айту­дың қыр-сырын мең­гереді.

«Айжан қыз» – бас жүлдегер

Академияда 25 жыл бұрын «Айжан қыз» би ансамблі құрылған. Хореограф Айжан Артығалиева жетекшілік ете­тін ансамбль мүшелері мың бұрала би билейді. Жас би­шілерге хореограф Сәуле Жас­келенова би түрлерін үйретеді.

– Ансамбльдің жас биші­лері 31 қазан мен 6 қараша ара­лығында Түркияның Ан­­талия қаласында өткен ха­лық­аралық Dance Format конкурсына қатысты. Жас бишілеріміз аталған кон­курстың екі аталымында бас жүлдені жеңіп алды, – дей­­ді академия директоры Долорес Тасқарина.

Оның айтуынша, ансамбль мүшелері конкурс кезінде Түркия мен Ресейдің танымал бишілері өткізген шеберлік сабақтарынан дәріс алған. Сондай-ақ Анталиядағы би мектептерінде тақырыптық тәжірибе алмасуға, би баттлы­на қатысқан.

 

Атырау облысы