Ведомство хабарламасына сәйкес, 2021 жылғы 4 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының сертификатталған әуеайлақтарын пайдаланушылар ИКАО-ның жаңа әдіснамасы бойынша ҰҚЖ бетінің жағдайы туралы хабарламаны беруге және бағалауды орындауға кірісті. GRF енгізілуімен Қазақстанда алғаш рет ұшу экипаждарына «SNOWTAM» қар хабарламаларын жариялау басталды. SNOWTAM-ды алғашқы болып Қостанай, Павлодар, Алматы әуежайлары жариялады.
ИКАО-ның ұшу қауіпсіздігі саласындағы жаһандық мақсаттарының бірі - ұшу-қону жолағындағы операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Атап айтқанда, әуе кемелерінің ұшып-қону жолағынан тыс шығуына байланысты авиациялық оқиғалардың үлесі шамамен 15%-ды құрайтындықтан, әуе кемелерінің шығып кету санын қысқарту, бұл ретте осы оқиғалар санатына барлық авиациялық апаттардың 50%-ы келеді. Ұшу-қону жолағынан тыс шығып кету жағдайларының 80%-ы қысқы уақытта атмосфералық жауын-шашынның болуы салдарынан ұшу-қону жолағында ілінісудің төмендеуіне байланысты.
GRF әдістемесі ұшу-қону жолағы бетінің жағдайына бағалау жүргізуге және хабарламаны дайындауға бүкіл әлемде біркелкі тәсілді қамтамасыз ете отырып, онда атмосфералық жауын-шашын болған кезде әуе кемелерінің ұшу-қону жолағынан тыс шығып кету жағдайларының алдын алу арқылы ұшу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. ҰҚЖ-ның жай-күйі туралы хабарламаны әуе кемелерін өндіруші ұсынған ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамалары туралы деректермен салыстыра отырып, ұшу экипажы қауіпсіз қону үшін ұшу-қону сипаттамаларын есептей алады.