Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
ТЖД мәліметінше, өрт 8 қарашада сағат 10:24-те шыққан. ТЖД күштері мен құралдары Бостандық ауданы, Мирас ықшамауданы, 29/1 мекенжайына жедел шақыру бойынша барған.
«Келген кезде 280 шаршы метр аумақта салынып жатқан екі қабатты үйдің шатыры өртенгені анықталды. Өрттің тез таралуына оңай жанғыш конструкциялар себеп болған», деді ТЖД өкілдері.
Жедел штаб құрылып, екі топ жұмыс істеген. Өрт 11.31-де оқшауланды. Үйдің бірінші және екінші қабаттары өрттен қорғалған. Сағат 11-58-де өрт толық сөндірілді, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.