Қазақстан • 08 Қараша, 2021

Биыл елімізде 9 мыңнан астам өрт болды

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Қазақстанда 9 мыңнан астам өрт болды және 300-ге жуық адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісовке сілтеме жасап.

Биыл елімізде 9 мыңнан астам өрт болды

«Күн сайын біздің бөлімшелеріміз әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 100-150 рет тапсырмаға шығады. Әрине, олардың негізгі үлесі өртті сөндіруге тиесілі. Жыл басынан бері 10 айда ел бойынша 9 мыңнан астам өрт болды. Онда жарақаттанғандар саны 358 адамды, қаза болғандар саны 297 адамды құрады. Ал 4 394 адам құтқарылды», деді Н. Дербісов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жалпы, өрт көлемі 8%-ға, тұрғын үй секторындағы өрт көлемі 13,6%-ға төмендегені байқалады.

«Дегенмен, өрт санының жалпы төмендеуі кезінде де қаза тапқандар саны 16%-ға, жарақат алғандар саны 45%-ға өсті», дейді Нұрболат Дербісов.