Экология • 08 Қараша, 2021

Экология министрі ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі басшысымен кездесті

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Министр Серікқали Брекешев Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі басшысы Доктор Фолькер Фробартпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология министрі ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі басшысымен кездесті

«Бүгін ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы доктор Фолькер Фробартпен кездестім», деп жазды министр С.Брекешев Твиттерде.

Кездесу барысында тараптар су ресурстарын басқару, экотуризмді дамыту және браконьерлікпен күрес саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Министр ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисіне Бірыңғай экологиялық порталды әзірлеуге көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, Портал халықтың қоршаған орта туралы хабардар болу процесін жеңілдететінін атап өтті.

Сондай-ақ тараптар Су кодексін, ұлттық саябақтарда экотуризмді дамыту тұжырымдамасы мен стандарттарын бірлесіп әзірлеу бөлігінде алдағы жылға ынтымақтастық жоспарларымен алмасты.

«Біз жоғарыда аталған барлық мәселелер бойынша ынтымақтастыққа дайынбыз және ашықпыз. Биылғы жылдың соңына дейін біз экотуризм мен су шаруашылығын дамыту бойынша ұсыныстар дайындаймыз», деді Серікқали Брекешев.

Министр, сондай-ақ ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисін өзен экожүйесін қалпына келтіру бойынша ынтымақтастық бағдарламасы аясында Жайық өзенінің (Жайық) экологиялық мәселелерін зерттеуге, ресейлік серіктестермен байланыста белсенді қатысуға шақырды.

Өз кезегінде ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Доктор Фолькер Фробарт жоғарыда аталған бағыттарды және тұрақты нығаю динамикасын дамыту және өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін іздеу бойынша ынтымақтастықтағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.