Тәуелсіздік • 08 Қараша, 2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 грант берілмек

827 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жоба­сында жастар мәселесіне ерекше назар аударылған. Осы орайда Ақ­па­рат және қоғамдық даму ми­нис­тр­лігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов аталған жоба аясындағы жас­тар мәселесі мен олардың өмір сапасын, қоғамдық өмірдегі белсенділігін арт­тыруға қатысты шаралар туралы айтып берді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 грант берілмек

– «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлт­тық жобасы туралы айтып өт­сеңіз.

– Ұлттық жоба – жан-жақты ведом­ство­аралық өзара іс-қимылды және жалпыұлттық басымдықтарға, Қа­зақстан Республикасының Ұлт­тық даму, Елдің аумақтық даму жоспар­ла­рының мақсаттарына, міндеттері мен стратегиялық көрсеткіштеріне және мем­лекетіміздің Ұлттық даму жос­па­рының индикаторларына қол жет­кі­зуге, сондай-ақ Президент ай­қын­да­ған жекелеген міндеттерді белгі­лен­ген мерзімдерде шешуге бағыт­тал­ған іс-шаралар кешенін іске асыруды көздейді.

Атап айтқанда, жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді дамыту, оларды әлеу­мет­­­тендіру және жұмысқа орналастыру, қоғамдық пайдалы қызметке тарту сияқ­ты нақты міндеттер белгіленген «Тә­уелсіздік ұрпақтары» бағытына баса назар аударғым келеді.

Бірінші міндетте 2025 жылға дейін 800 мың жастың тұрғын үй жинақтары жү­йесін жастарға тұрғын үй құрылыс жи­нақтары жүйесі бойынша салымдарды толықтыру және әкімдіктермен бір­лесіп жеңілдікті ипотекалық бағдар­ла­маларды енгізу және «Отбасы банк» ТҚЖБ»-ның өз өнімдерін әзірлеу үшін бірыңғай зейнетақы төлемдерін пай­далану мүмкіндігін беру арқылы пы­сық­тау көзделеді.

Бү­гінгі күні бейінді мемлекеттік орган­дар осы тетікті заңнамалық тұр­ғы­да бекіту бойынша жұмыс жүргі­зуде, оның қорытындысында жастар кейін­нен тұрғын үй сатып алу мақ­са­тында «От­басы банк» шотына ең төмен­гі жет­кіліктілік шегінен жоғары зейнет­ақы жинақтарының бір бөлігін аудару мүм­к­індігіне ие болады.

Сондай-ақ әкімдіктермен бірле­сіп же­ңіл­детілген ипотекалық бағдарлама­лар­ды енгізу және «Отбасы банк» ТҚЖБ»-ның өз өнімдерін әзірлеу жос­пар­­лануда.

Бұдан басқа, тұрғын үй құрылысы бағдарламаларында жас отбасылар үшін квота енгізу арқылы барлық тұр­ғын үй құрылысы бағдарламалары бо­йын­ша жас отбасыларға арналған қа­рыз­­дар үлесін 2025 жылға қарай 25%-ға дейін арттыру көзделіп отыр.

Аталған тұрғын үй бағдар­ла­ма­ла­ры­ның бірыңғай операторы «Отбасы банк» болмақ. Аталған іс-шараларды іске асыру бүгінгі күні жастар арасында өзек­ті мәселелердің бірін шешуге мүм­кін­дік беретінін атап өткен жөн.

Екінші міндет шеңберінде 2025 жыл­­­ға қарай жастарға әлеуметтік қыз­мет көрсетуді 1 миллион адамға дейін және Eljastary инфонавигаторына қа­ты­су деңгейін 2 миллион адамға де­йін арттыру көзделуде.

Осылайша, жастар инфонавигаторы мен Eljastary мобильді қосымшасын жа­сау жастарға мемлекеттік қолдаудың бар­лық шарасын бірыңғай платформаға жи­науға мүмкіндік береді, бұл өз кезе­гін­де мемлекеттік жастар саясаты­ның стратегиялық бағыттарын сапалы ілге­рі­­летуге, талдамалық сүйемелдеуге жол ашады және тұтастай алғанда жас­тар­­дың мемлекеттік қолдау шарала­ры тура­лы хабардар болу деңгейін артты­ра­ды.

Сондай-ақ жыл сайын «Тәуелсіздік ұрпақтары» 30 грантын беру арқылы жастарды жаңа стартап-жобаларға тарту жоспарлануда.

Үшінші міндетте ерікті қызметке тар­тылған оқушылардың үлесін арттыру, жастарды экологиялық жобалармен және спортпен қамту бойынша шаралар жоспарланған.

Осылайша, барлық міндет индика­тив­ті нәтижелерге қол жеткізуге және жо­балық басқару ережелерін енгізуге ба­ғытталған.

– Сіз экологиялық жобалар туралы айтып өттіңіз. Соңғы уақытта эко­ло­гия мәселесі өзекті болып отыр. «Ұлт­тық рухани жаңғыру» ұлт­тық ж­о­басында жастардың экология­лық мәдениетін арттыруға бағыт­тал­ған қандай да бір іс-шаралар қарас­ты­рыл­ған ба?

– Иә, келісемін. Экологиялық білім беру мәселелері, өкінішке қарай, соң­ғы жылдары өзекті болып отыр. Бүгін қо­ғам экологиялық білім мен тәрбиені да­мыту керек деген пікірде екенін көріп отырмыз. Бұл мәселені шешу үшін кешенді және жүйелі тәсіл қажет. Со­нымен қатар жүргізілген әлеу­мет­тік зерттеулер экологиялық мәде­ниет жас­тардың отбасы, азаматтық бел­сен­ділік, еріктілік және саламатты өмір сал­ты сияқты құндылықтар қатарына кіре­ті­нін көрсетті.

Ұлттық жоба шеңберінде 2025 жылға қарай жастарды экологиялық жо­балармен қамту деңгейін 800 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік бе­ре­тін іс-шаралар қарастырылған.

Бұл – мектептер мен жоғары оқу орын­дарында өскелең ұрпаққа эколо­гия­­лық тәрбие беру мақсатында эколо­гия­­лық мәдениетті қалыптастыру ж­өнін­­дегі іс-шаралар кешенін өткізу жө­­нін­дегі жұмыстар.

Сондай-ақ қазақ фольклорындағы табиғатқа қатысты қызық аңыздарын дә­ріптеу арқылы қоршаған ортаны қорғау және оған құрметпен қарау жө­ніндегі «Киелі табиғат» ғылыми-ағар­тушылық бейне-жобасын жасау көзделіп отыр.

Бұдан басқа «Жасыл ел» жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін жыл сайын 30 мың жасты жұмысқа тұр­ғызу көзделіп отыр, бұл елімізді көгал­дан­дыру мақсатында Мемлекет бас­шысының елді мекендерде 15 млн ағаш отыр­ғызу бастамасын іске асыруға мүм­кіндік береді.

Тұтастай алғанда, жастарды эколо­гия­лық ағарту жөніндегі қызметті Ақ­па­рат және қоғамдық даму министр­лігі жүйелі түрде жүргізетін болады.

– «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты туралы толығырақ айтып берсеңіз.

– Бұл грант «Егемен Қазақстан» га­зе­тінде 2021 жылғы 5 қаңтарда жария­лан­ған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында тағайындалды.

Грантты тағайындаудың мақсаты – бел­сенді шығармашыл жастар қа­уымдастығын қалыптастыруға бағыт­тал­ған жастардың жаңа және қолда­ныс­тағы бастамаларын қолдау.

3 миллион теңге көлеміндегі 30 грант конкурстық негізде Қазақстан Рес­пуб­ликасының 14 пен 29 жас ара­лы­ғындағы азаматтарына мынадай ба­ғыт­тар бойынша беріледі:

«Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді іске асыру үшін;

«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халық­тық мә­дени дәстүрлер мен өнерді ілгері­летуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;

«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, оның ішінде бастаушы стартап-жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін;

«Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін.

«Медиа» – жаңа медиа-жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызық контент жасау жөнін­де­гі жобаларды іске асыру үшін.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында 30 жеңімпазды салтанатты марапаттау жоспарланған.

– NEET санатындағы жастардың са­­нын азайту – мемлекеттік сая­сат­тың басымдықтарының бірі.  Жас­тар­­­дың осы санатымен жұмыс іс­теу үшін қан­дай шаралар қарас­ты­рыл­ған?

– Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жастар саясаты саласындағы заңнаманы жетілдіру бо­­йынша жұмыс жүргізуде. Жалпы, елде жастардың осы санатымен жұмыс істеу үшін институционалдық база құрылып, оны әлеуметтендіру және жұмыспен қамту жөніндегі бағдарламалар мен жо­балар іске асырылуда.

Атап айтқанда, 2021 жылы NEET санатындағы жастармен жұмыс жөнін­де­гі республикалық жобалық кеңсе құрылды. Сондай-ақ өңірлердегі жас­тар ресурстық орталықтарында NEET сана­тындағы жастармен жұмыс жөнін­де­гі арнайы бөлімдер ашылды.

Қазіргі уақытта өңірлерде NEET санатындағы жастардың деректер базасын өзектендіру бойынша жұмыс жүр­гізілуде.

Атап айтқанда, Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, биылғы 2 тоқсанның қорытындысында NEET жастарының үлесі 6,6%-ды құ­ра­ған. 2020 жылғы 2-тоқсанмен са­лыс­­тырғанда 1%-ға төмендеу бай­қалады.

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасында «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағыты шеңберінде 2025 жылға қарай NEET санатындағы жастарды 5%-ға дейін төмендету көзделген.

 

Әңгімелескен Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»