Аймақтар • 09 Қараша, 2021

Петропавлда апатты көпірді картонмен жамап қойған

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласындағы апатты көпірді картонмен жамап жатқандығы бейнеленген видео әлеуметтік желілерде тарады. Жергілікті тұрғындар жарылған плиталарды жай картон қағазбен жауып, үстіне асфальт төсеген жұмысшыларға наразы, деп хабарлайды Egemen.kz Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Петропавлда апатты көпірді картонмен жамап қойған

«Жол өтпесі жыл сайын жөнделеді, бірақ оның сапасы жылдан жылға нашарлап барады», дейді тұрғындар.

Алайда биыл оны жөндеуге жергілікті бюджеттен 21 миллион теңге бөлінген екен.

Мердігер ұйым барлық жұмыстар жоба бойынша жүргізіліп жатқанын және ешқандай бұзушылықтар жоқ екенін мәлімдейді.

«Біз қолайлы күн райын пайдаланып, тез арада асфальт төседік. Қиыршық тастар көпірдегі тесік арқылы пойыздардың үстіне түспеу үшін уақытша картон төсеп қойдық. Тесіктердің орны қайтадан ашылады. Ол жерге 1 миллиметрлік латунь мен 20 милиметрлік темір жабынды орнатып, бетон құямыз. Үстінен қайтадан асфальт төсейміз. Жұмыстың барлығы жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр», деп түсіндірді «СК Магистраль» ЖШС директорының орынбасары Александра Найман.