Аймақтар • 09 Қараша, 2021

Қостанайда көлігіне жалған нөмір таққан шенеунік қызметтен кетті

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының Сарыкөл ауданында полиция бөлімінің бастығы Қайрат Әбдіқалықов жалған нөмірі бар жұмыс көлігін пайдаланғаны туралы видеодан кейін отставкаға кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда көлігіне жалған нөмір таққан шенеунік қызметтен кетті

Бұл туралы «Наша газета» сайты жазады.

«Сарыкөл ауданының полиция бастығы Қайрат Әбдіқалықов жұмыстан шығуға арыз жазып, отставкаға кетті», деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев.

Басылымның мәліметінше, оның жұмыстан шығуына полицейдің SsangYoung жол талғамайтын көлігінде Chevrolet Niva-дағы 787 ELA 10 нөмірі байқалғаны әсер еткен, бір нұсқа бойынша бұл сол ауданның прокуроры Асқар Сыздықовтың қызметтік көлігі болуы мүмкін. Ал ол көлікте 044 ҚР 10 нөмірі байқалған.

Қызметтік тергеу қорытындысына сай, ПД басшысының орынбасары айтуынша SsangYoung жүргізушісін анықтай алмаған.

«Видеода көрсетілген суреттерде көлік жүргізушісінің бет-әлпеті анық емес, сондықтан оның Әбдіхалықов немесе оның жүргізушісі екенін дәлелдеу қиын. Көлікті тінту кезінде жалған нөмірлер де табылған жоқ. Жүргізуші мен полиция басқармасының бастығы өз кінәсін мойындамады», дейді Ынтықбаев.

Мемлекеттік қызметкердің этика кодексін бұзғаны үшін жүргізуші мен полиция басқармасының бастығы қызметінен босатуға дейін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.