Коронавирус • 09 Қараша, 2021

Вакцина алмаған алматылықтар жұмыс күндері СОО-ға бара алады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда вакцинацияланбаған азаматтар үшін жұмыс күндері СОО-ға баруға тыйым салу туралы мәселе қаралмайды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вакцина алмаған алматылықтар жұмыс күндері СОО-ға бара алады

Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, қалада жұмыс күндері Ashyq жүйесінде бейтарап, яғни «көк» мәртебесі бар адамдар үшін СОО-ға баруға тыйым салу жоспарланбаған. Ал демалыс күндері СОО-ға тек «жасыл» мәртебесі бар тұрғындар бара алады.

«Демалыс күндері Ashyq нысандарына бару үшін тек «жасыл» мәртебеге рұқсат етіледі. Бейтарап мәртебесі бар адамдарға жұмыс күндері нысандарға баруға тыйым салынбайды», деді Сәдуақас Байғабылов.