Қысқы спорт • 10 Қараша, 2021

Нұр-Сұлтанда мәнерлеп сырғанаудан ашық чемпионат өтеді

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-19 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында мәнерлеп сырғанаудан «Nur-Sultan Open» ашық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда мәнерлеп сырғанаудан ашық чемпионат өтеді

«Алау» мұз сарайында өтетін жарыстарға балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ спорт шебері мен спорт шеберіне үміткерлер қатысады. Жеке разрядтағы жарыстар Халықаралық конькишілер одағының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Жарысқа елордалық мәнерлеп сырғанаушылар да, еліміздің басқа өңірлерінен келген жас спортшылар да қатысады.

Бүгінгі күні қаланың ашық чемпионатына қатысуға 300-ге жуық өтінім қабылданды. Турнирдің ерекшелігі — жас конькимен жүгірушілердің өнерін алғаш рет жарысқа арнайы шақырылған халықаралық төрешілер бағалайды.

Көрермендер мен жанкүйерлер Ashyq жүйесі арқылы кіреді. Сондай-ақ, чемпионат YouTube арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.