Үкімет • 10 Қараша, 2021

Санитариялық режимді бұзғандарға қатаң шара қолдану керек - Асқар Мамин

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санитариялық режимді бұзуға жол бергендерге қатаң шара қолдану керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Санитариялық режимді бұзғандарға қатаң шара қолдану керек - Асқар Мамин

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып тұр. Инфекциялық ауруханалардағы орындардың жүктемесі 30 пайыз, ал реанимациялық орындардың жүктемесі 26 пайызды құрап отыр. Дегенмен, бұл аурудың Еуропаның бірқатар елдерінде және де шекаралас елдерде өскенін ескерсек, санитариялық талап іс-шаралары жаппай сақталуға тиіс. Барлық өңірлерде әкімдіктер санитариялық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторинг топтарының жұмысы мен тиімділігін күшейтсін. Санитариялық режимді бұзуға жол бергендерге қатаң шара қолдану керек», деді Үкімет басшысы.

Оның дерегінше, қазіргі уақытта 8,5 млн-нан астам адам бірінші компонентті, 7,7 млн адам екінші компонентті салдырды. Ал 22 қарашадан бастап ревакцинациялау басталады.

«Осыған байланысты егу пункттерінің, медицина ұйымдары мен медицина жұмыскерлерінің әзірлігін қамтамасыз ету қажет», деген Асқар Мамин жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.