Елорда • 10 Қараша, 2021

Жемқорлық туралы хабарлағандарға сыйақы берілді

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері жемқорлық туралы мәлімет берген 6  елорда тұрғындарына мемлекет сыйақы төлеген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдула мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жемқорлық туралы хабарлағандарға сыйақы берілді

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама бойынша жол берген мекемелерге қылмыстық істер аясында жемқорлыққа жүйедегі олқылықты жою туралы ұсынымдар енгізіледі. Мемлекеттік органдардың назарына осы мәндегі 38 ұсыным жолданды. Оның 34-і жауапты органдар қарап үлгерді. Біз жолдаған ұсынымдарды қараудың қорытындысында 24 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылып, екеуі қызметінен босатылды. Сондай-ақ, 4 адам мемлекеттік қызметтен қуылды. Осы 24 адамның ішінде түрлі деңгейдегі 9 басшы, орталық буындағы жетекшілер бар», деді Шыңғыс Қабдула Astana Adaldyq Alańy жобалық кеңсесінде өткен онлайн брифингіде.

Сондай-ақ ол сыбайлас жемқорлықпен күреске атсалысқан тұрғындарды ынталандыру шаралары туралы да сөз қозғады.

«Парақорлық туралы түскен хабар расталып, сот үкімі күшіне енгеннен кейін мәлімет берген адамға пара сомасының 10 пайызы көлемінде сыйақы беріледі. Бірақ оның мөлшері 3000 АЕК-тен аспауы керек. Яғни, жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты 7,6 млн теңгеге дейін сыйақы төленеді. Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша елорда бойынша 6 адам сыйақы алды. Оларға төленген сыйақы мөлшері әзірге 2 млн теңгеден асты», деді департамент басшысы.