Қазақстан • 11 Қараша, 2021

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясында апат көбейді - Сенатор

450 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенатор Сергей Ершов Премьер-Министр Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы өзекті мәселелерді қозғады. Сенатор еліміздің кәсіпорындарында апат туындау қаупінің деңгейі жоғары екенін айтты, деп хабаралайды Egemen.kz.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясында апат көбейді - Сенатор

Еске сала кетсек, 7 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының «Абай» шахтасында апат болды. Апат салдарынан 6 кенші қаза тауып, екеуі зардап шекті.

Депутат келтірген деректер бойынша соңғы 10 жылда «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық компаниясының барлық бөлімшелерінде апат саны көбейгені байқалды. Осы уақыт ішінде компанияның көмір шахталарында 23 апат болды, одан зардап шеккен 41 адамның 19-ы қаза болды. Бұл 2006 және 2008 жылдардағы екі ірі апатты есептемегендегі жағдай, онда 71 шахтер қаза тапқан. Сергей Ершов өнеркәсіптегі қауіпсіздіктің жай-күйін жақсарту үшін қазіргі кезде осы кәсіпорында да, бүкіл мемлекет ауқымында да үкіметтік деңгейде шаралар қабылдау маңызды деп санайды.

Сенатор өз сауалында компанияда инвестициялық міндеттемелердің орындалмауы, қызметкерлердің тиісті әлеуметтік кепілдіктерінің болмауы, жабдықтарды жаңғыртудың толық қаржыландырылмауы, білікті кадрлардың кетуі, сондай-ақ зиянды заттар шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына қатысты бірқатар өзекті мәселелерге назар аударды.

«Үкіметті қабылданған міндеттемелерді мүлтіксіз сақтауға және апат пен өлімге душар ететін жарақаттану санының өсе түсуіне ықпал ететін жағдайды болдырмауға шақыра отырып, өздерінің жеке отырысында саланың жағдайын және «Арселордың» жай-күйін қарауды сұраймыз. Сондай-ақ қауіпті өндіріс объектілерінде өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нақты және жүйелі шаралар, сондай-ақ қызметкерлердің әлеуметтік ахуалы мен өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде «Арселормен» инвестициялық келісімді қайта қарау туралы шаралар ұсынатын болсын», деді Сергей Ершов депутаттық сауалында.