Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Самара-Шымкент тасжолының Хромтау қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі аралығы жабылды.
«Ауа райы жағдайына байланысты көлік жүргізушілерінен жол қозғалыс ережесін сақтауды, жылдамдықты шамадан тыс асырмауды сұраймыз. Қазіргі кезде жолдың бір бөлігі жабылып, полиция қызметкерлері бақылауға алды», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, Ақтөбеде бүгін алғашқы қар жауды. Жолда жол-көлік апаты көбейді. Облыс бойынша жол бойында барлығы 154 жылыту бекеті бар.