Әлем • 12 Қараша, 2021

Лукашенконың бізді қорқытуына жол бермейміз – ЕО

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропалық Одақ Беларусь Президенті Александр Лукашенконың шекараларды жабу кезінде газ транзитін тоқтату туралы мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Лукашенконың бізді қорқытуына жол бермейміз – ЕО

Бұл туралы Reuters жазады.

Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында экономика жөніндегі еурокомиссар Паоло Джентилони ЕО Лукашенконы Беларуссия аумағы арқылы Еуропаға газ жеткізуді тоқтату туралы мәлімдемесімен қорқытуға жол бермейтінін айтты.

«Газ жеткізу мәселелерінде жеткізуші елдермен - Африка, Норвегия, Ресей мемлекеттерімен қарым-қатынасымызды барынша пайдалануымыз керек, Лукашенконың бізді қорқытуына жол бермейміз», деді Джентилони.

Еурокомиссар ЕО елдеріне газ жеткізу қауіпсіздігі мәселелері 2022 жылы бекітілетін «ЕО Стратегиялық компасы» деп аталатын Еуроодақтың қорғаныс тұжырымдамасына енгізілетінін растады. 

«Ямал - Еуропа» газ құбыры төрт елдің аумағы арқылы өтеді: Ресей, Беларусь, Польша және Германия. Жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асады. Газ құбырының беларуссиялық бөлімі бес компрессорлық станциядан тұрады, оның ұзындығы - 575 шақырым.

Бұған дейін Беларусь Президенті Александр Лукашенко батыс елдеріне жаңа санкциялар мен шекаралардың жабылуына қауіп төндірмес бұрын ойлануға кеңес беріп, жауап ретінде Еуропаға газ транзитін тоқтатамын деп қорқытты.