13-15 қарашада Қазақстандағы ауа райын солтүстік-батыс циклонның терең жырасы және онымен байланысты фронтальды бөлімдер айқындайтын болады.
Батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, елдің барлық өңірлерін жыра қамтиды, осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, солтүстік жартысында бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі.
«Батыста ауа температурасы түнде 5 аяз–3 жылу, күндіз 3 аяз–10 жылу, солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыс пен орталықта түнде 1-10 аяз, күндіз 5 аяз–7 жылу, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 1-10 аяз, күндіз 2-10 жылу болжанады», деп жазады «Қазгидромет» РМК.