07 Мамыр, 2010

МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

592 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Бас прокуратурада Жеңістің 65 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиналыс бо­лып өтті. Оған Бас Про­курор Қайрат Мәми­дің шақыруымен Астанаға осы салтанатты шараларға қатысу үшін келген елі­міздің про­куратура орган­дарының арда­герлері қатысты. Ал­ды­мен Астананы аралап тамаша­ла­ған ардагерлер қаланың бүгінгі көркіне айрықша риза болып, оны ел табыстарының жемісі ретінде бағалады. Бас про­куратураның жаңа ғима­ра­тында Жауынгерлік және ең­бек даңқы мұражайы ашыл­ды. Мұражайда Қазақстан­да­ғы қадағалау және тергеу орган­дары­ның қалыптасу уақытындағы бірегей әрі баға жетпес жәдігерлері сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының, мем­лекеттің және оның қадағалау органдарының одан кейінгі даму кезеңдеріндегі ерлік тарихынан ма­те­риалдар, құ­жаттар мен наградалар қойыл­ған. Салтанатты жиналыста сөз сөй­леген Бас Прокурор Қазақстан та­рихындағы бұл күннің маңыз­ды­лығын және біздің солдаттардың шайқас­тардағы баға жетпес ерлігін атап көрсетті. – Сіздер    секілді ар­да­гер­дің бірінен туған ұл ретінде ай­тарым, төгілген қан мен тер ар­қылы келген, хал­қы­мыз үшін тым қымбатқа түскен осы Ұлы Жеңістің мәні мен маңызын терең тү­сініп, қашанда қастерлей білу, артындағы елі мен жері үшін етігімен су ке­шіп,   Отан үшін отқа түскен қа­һар­мандардың биік тұлғаларын ар­дақ тұтып, есімдерін естен шы­ғармау – бүгінгі ұрпақтың парызы мен қарызы, – деді Қайрат Әбді­разақ­ұлы. Бас прокура­тура­ның бас­шылығы барлық соғыс ардагер­ле­рін және оларға теңестірілгендерді, тыл еңбеккерлерін марапаттап, оларға бағалы сыйлықтар табыс етті. Ал Ұлы Отан соғысының екі қатысушысы – бұрынғы про­ку­ратура қызметкерлері И.Гапич пен С.Дүйсенов Мәскеу қаласына ба­рып, Жеңіс күні болатын сал­танат­ты шеруге қатысатын болды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.