Қазақстан • 14 Қараша, 2021

Бүгін елімізде күн райы қандай болады?

289 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК–сы қарашаның 14-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін елімізде күн райы қандай болады?

«Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, солтүстік-батыс циклоны Қазақстан территориясымен тез жылжи отырып, еліміздің солтүстік жартысына жауын-шашын алып келеді, қар жууы да мүмкін. Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, солтүстікте жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстікте тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, түнде оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай облысының оңтүстік-батысында көктайғақ, шығысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, жаяу бұрқасын соғады.

Ақтөбе облысының басым бөлігінде түнде, күндіз солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болып, солтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Түркістан облысының басым бөлігінде күндіз желдің жылдамдығын секундына 15-20 метрге жетеді, таулы аудандарында екпіні 23 м/с болады, солтүстігінде шаңды дауыл тұрып, түнде және таңертең таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады, батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен орталығында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, оңтүстігінде тұман түсіп, солтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Жамбыл облысының солтүстігі, оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз оңтүстік-батысында желдің екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, Павлодар облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ болуы ықтимал.