Қазақстан • 15 Қараша, 2021

Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Дәулет Сембаев дүниеден өтті

3310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 қарашада ҚР Ұлттық банкінің экс-төрағасы Дәулет Сембаев 87 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Дәулет Сембаев дүниеден өтті

Сембаев Дәулет 1935 жылы 10 тамызда Алматыда дүниеге келді.

Тоқсаныншы жылдары Дәулет Сембаев Ұлттық банк төрағасы, Премьер-Министрдің орынбасары қызметтерін атқарды.

Дәулет Сембаев - Қазақстан Президентінің алғашқы экономикалық бағдарламасының қос авторларының бірі. Сондай-ақ Қазақстандағы ұлттық валютаны енгізуге қатысқан.

Елдегі қазіргі банк жүйесін қалыптастырудың басы-қасында болды.

1958 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген.

Осы жылдар ішінде премьер-министрдің орынбасары, 1993-1996 жылдары - Ұлттық банк төрағасы, Сенат депутаты болды. 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап Халықаралық бизнес академиясының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болды.

Ораз Жандосов, Григорий Марченко және басқа да еліміздің көрнекті қаржыгерлері өздерін сол кісінің шәкірті санайды.

Дәулет Хамитұлы "Құрмет белгісі" (1976), Еңбек Қызыл Ту (1981), "Парасат" (1996) ордендерімен және КСРО-ның екі медалімен марапатталған.