Парламент • 15 Қараша, 2021

Сенаторлар республикалық бюджет туралы заң жобасын қарайды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2021 жылғы 18 қарашада өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаторлар республикалық бюджет туралы заң жобасын қарайды

Алдағы отырыста сенаторлар «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қарайды.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы да Сенат отырысының қарауына шығарылды. Бұл құжат ортақ зейнетақылар мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін төлеу жөніндегі мемлекеттік міндеттемелерді орындауға ықпал етеді.

Бюро отырысында алдағы жұма күні өтетін өңірлердегі мәслихаттар хатшыларымен оффлайн кездесуге дайындық барысы да пысықталды.

Айта кетейік, биылғы наурыз айында мәслихат депуттарымен кездесу өткен болатын. Алайда, ол кезде іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылды.

Сондай-ақ отырыста Мәжілістен келіп түскен заң жобалары жұмыс үшін Сенат Комитеттеріне бөлініп берілді.