Президент • 16 Қараша, 2021

Президент төрағалығымен Каспий құбыр консорциумының 25 жылдығына арналған жиын басталды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Каспий құбыр консорциумының 25 жылдығына арналған салтанатты жиын басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент төрағалығымен Каспий құбыр консорциумының 25 жылдығына арналған жиын басталды

Алқалы жиын аталған консорциумқа қатысушы акционерлердің шартқа қол қоюына 25 жыл толуына орай бейнеконференциябайланыс форматында өтіп жатыр.

Каспий құбыр консорциумы Қазақстан батысынан, негізінен Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарынан Қара теңіздегі Ресейдің Новороссийск портына жақын орналасқан терминалдарға мұнай жеткізу үшін салынды. 1 500 шақырым болатын құбырмен мұнай тасымалдау 2001 жылы басталды. Сол уақыттан бері әлемдік нарыққа Қазақстанның 745 млн тоннадан астам мұнайы жеткізілді.

Таяуда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев XVII Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында мұнай өндіру көлемінің артуына, жаңа кен орындарының игерілуіне, сонымен қатар мұнай өндіру жөніндегі бірлескен жобалардың қолға алуына байланысты Каспий құбыр консорциумының өткізу қабілетін арттырып, оны басқаруда тұрақтылықты қамтамасыз ету маңызды екендігін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35