Қоғам • 16 Қараша, 2021

ХҚКО-лардан тағы да ақау шықты

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтарында техникалық ақау шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ХҚКО-лардан тағы да ақау шықты

«Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорында техникалық ақау тіркелген, бұл халыққа тұрғылықты жері бойынша тіркеу, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару қызметтерін ұсынуға әсер етті.

«Бұл ақаулар ЦДИАӨМ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тарапынан «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры жаңартылғаннан кейін кезең-кезеңімен болады. Жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін көші-қон қызметі тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару қызметтерін қайта жалғастырады», деп мәлімдеді ІІМ Көші-қон қызметі комитетінде.