Аймақтар • 16 Қараша, 2021

Алматыдағы атыс: Игорь Дужновты қамауға алу мерзімі ұзартылды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық атқыш Игорь Дужновтың қамауға алу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы атыс: Игорь Дужновты қамауға алу мерзімі ұзартылды

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін прокуратура Дужновты ұстау мерзімін 20 желтоқсанға дейін ұзарту туралы өтініш білдірген.

«12 қарашада прокуратураның өтініші тергеу сотының қаулысымен қанағаттандырылды. Игорь Дужновқа қатысты күзетпен ұстау мерзімін үш айға дейін, яғни 2021 жылғы 20 желтоқсанға дейін ұзартуға санкция берілді», деп хабарлады Алматы қалалық соты.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Игорь Дужновтың беті көгерген деген ақпаратқа қатысты соталды тергеуді бастағанын хабарлаған. Бұл ақпаратты Алматы прокуратурасы растады.

Айта кетейік, оқиға 20 қыркүйекте кешке болған, шамамен сағат 17.20 шамасында Ақбұлақ мөлтекауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, атыс бір минут ішінде болған.