Қазақстан • 16 Қараша, 2021

Президент борышкерлердің мүлкіне аукциондар өткізу тәртібін өзгертуді тапсырды

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев борышкерлердің мүлкіне аукциондар өткізу тәртібін өзгертуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент борышкерлердің мүлкіне аукциондар өткізу тәртібін өзгертуді тапсырды

«Егер қарыз алушының сатылған мүлкі негізгі борыш сомасын жаппаған жағдайда, оның қалған берешегі есептен шығарылуы тиіс. Бірақ бұл борышкердің басқа мүлкі жоқ және оның табысы ең төменгі жалақының екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда ғана мүмкін бола алады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, аукциондық сауда-саттықтың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету талап етіледі.

«Аукциондық сауда-саттыққа қойылған кепілге салынған мүлік оның бағалау құнының 70%-нан төмен қойылмауға тиіс. Сонымен бірге, мұндай сауда-саттыққа кепіл ұстаушыларға - банктерге, сондай-ақ олармен аффилирленген олардың қызметкерлеріне және сенім білдірілген адамдарға жол беруге болмайды, борышкердің және оның жақын туыстарының сауда-саттыққа бір мезгілде қатысуын болдырмау қажет», деп түйіндеді Президент.