Қоғам • 16 Қараша, 2021

«Алтын» және «Күміс» алқаларды беру ережесін қайта қарау ұсынылды

606 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Алтын» алқа мен «Күміс» алқа беру ережесін қайта қарау керек. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Уайс Ерсайынұлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алтын» және «Күміс» алқаларды беру ережесін қайта қарау ұсынылды

«Алтын» алқа мен «Күміс» алқа беру ережесін қайта қарау керек. Себебі бұл награданы беру үшін жұмысқа қабылдайтындай тексеріс өткізіледі екен. Сотталмағаны туралы анықтама талап етіледі»,  деді ол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында.

Сонымен қатар кеңес мүшесі пандемия кезінде мемлекеттік органдар қашықтан қызмет көрсетуге көшкенімен әлі де қағазбастылық бар екендігін айтады.

«Халық жұмысқа тұрарда тапсыратын наркологиялық және психологиялық диспансерде есепте тұрған жоқ деген анықтаманы еговтан тегін ала алады. Бірақ, оны қабылдамайды. Олар диспансердің мөрі басылған анықтаманы талап етеді. Ал ол 5 мың теңге тұрады. Сондай-ақ Еңбек министрлігінде цифрлық интеграция әлсіз құрылған. Мәселен, көпбалалы отбасыларға тегін берілетін жолақы билеттерін Жұмыспен қамту бөлімі береді. Олар аналардан көпбалалы деген анықтаманы талап етеді. Жұмыспен қамту бөлімі Еңбек министрлігіне қарайды. Олар базадан ол ананың мәртебесін көруі керек, құжат сұратпауы тиіс. Өкінішке орай, бір министрлікке қарайтын мекемелер өзарасында анықтама жинатып, сабылтып қойған. Яғни, тағы да қағазбастылық орын алып отыр», деді Уайс Ерсайынұлы.