Аймақтар • 17 Қараша, 2021

Маңғыстауда 24 шенеунік жазаға тартылды

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда бірқатар мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметіне сілтеме жасап.

Маңғыстауда 24 шенеунік жазаға тартылды

Ведомство мәліметінше, Маңғыстау облысында қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін бірқатар мемлекеттік орган басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Қайталама құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ҚР ҚПК-нің 200-бабының нормаларын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 33 ұсыныс енгізілген. Нәтижесінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қазіргі саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіре отырып, қылмыс жасалған ұйымдарда 24 лауазымды тұлға түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

«Қарамағындағы қызметкерлері лауазымдық қызмет бабын асыра пайдаланып пара алғаны үшін Ақтау қалалық Полиция басқармасы басшысының орынбасары сөгіс түрінде, Қорғаныс істер жөніндегі департаменттің бастығына қатаң сөгіс, орынбасарына қызметіне толық сәйкес еместігі жөнінде ескерту, Бейнеу аудандық Полиция бөлімі бастығына қатаң сөгіс және оның орынбасарына қызметіне толық сәйкес еместігі жөнінде ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды», деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағали.