«Біз елордамызда қонақтарды қабылдауға дайынбыз. Елордамыз күн санап көркейіп жатыр. Биыл Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелейді. Қазақстандағы ең биік ғимарат «Qazaqstan» мұнарасының ашылуын атап өтеміз. Бұл Орталық Азиядағы ең биік ғимарат. Әрине, Дубайдағы мұнарамен салыстыруға келмейді. Бұл ғимараттың ұзындығы 320 метрге тең. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында осы ғимаратты ашамыз», деді Елбасы.
Назарбаев тағы бір ғимараттың ашылуы 30 жылдыққа арналатынын айтты.
«Өте үлкен мешіт ашылады. Ондай ғимарат та біздің айналамыздағы кеңістікте жоқ. Осылайша, мерейтойымызды айтулы шаралармен атап өтеміз. Ең бастысы бұл қаланы халық үшін ыңғайлы, әдемі, жасыл қылдырғымыз келеді. Біздің артықшылықтарымыз жетерлік. Жазда өте ыстық, қыста қатты суық. Біз оған үйреніп те қалдық. Әлем бір-бірін шынықтырған сияқты. Табиғат пен ауа райы бізді мықты етеді. Денсаулықтарыңыз мықты болсын», деді Нұрсұлтан Назарбаев.