Әлем • 18 Қараша, 2021

Рада депутаты: «Қырымды Ресейдің ішкі мәселеге араласпауы үшін берді»

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Оппозициялық платформа — Өмір үшін» партиясынан сайланған Рада депутаты Илья Кива RTVI-ге берген сұхбатында 2014 жылы Украина билігіне келген күштер Киевтегі өз позициясын сақтау үшін Қырымның Ресеймен қайта қосылуына кедергі келтірмеуге келіскенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рада депутаты: «Қырымды Ресейдің ішкі мәселеге араласпауы үшін берді»

«Украина билігі Қырымды 2014 жылы болған төңкерісті заңдастыру үшін төлем ретінде берді. Содан кейін биліктің қайта бөлінуі орын алды, ал Ресей ішкі іске араласпауы үшін көзді жұмып, Қырымды беру туралы шешім қабылданды», деді Кива.

Парламент мүшесі түбек тұрғындары Украинадағы оқиғаларға байланысты Ресеймен қайта қосылуға дауыс бергенін атап өтті. Ол: «Қырымдықтар кеңестік кезеңнен қалыптасқан Ресеймен бауырластық қатынастарды жоққа шығаруға жол ашқан елде өмір сүргісі келмеді» деген пікірді де айтты. «Дәл осындай ұстанымды Донбасс тұрғындары да қабылдады», деп атап өтті депутат.

Сонымен бірге Кива Ресей мен Украина Қырым және Донбасс мәселелері бойынша бір ымыраға келеді деген пікірін білдірді.