Оқиға • 18 Қараша, 2021

Тараздағы дауыл кезінде 17 жастағы жігіт қаза тапты

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында қатты жел салдарынан 17 жасар жігіт мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараздағы дауыл кезінде 17 жастағы жігіт қаза тапты

Қайғылы жағдай Жалпақтөбе ауылында болған. Ауыл тұрғыны желден ұшқан шатырын жөндеу кезінде биіктен құлап кеткен. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«17 қараша күні сағат 17:30 шамасында Жалпақтөбе ауылының тұрғыны, 2004 жылы туылған кәмелет жасқа толмаған Адильжанов Динмухамат Харсанович қатты желден ұшқан шатырын жөндемек болып, шатырдан құлаған. Ол алған дене жарақатынан қайтыс болды», делінген хабарламада.