Аймақтар • 18 Қараша, 2021

Абайлаңыз: жол апатының қаупі жоғары

191 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері соңғы төрт күнде «Қауіпсіз жол» атты республикалық жедел-профи­лактикалық іс-шара жүргізіп, оған 370-тен аса полиция қызметкері жұмылдырылды. Осы төрт күннің ішінде ғана 1865 құқық бұзушылық анықталды. Соның ішінде автомобильді алкогольді ішімдік ішіп алып жүргізген 30 жүргізуші ұсталды.

Абайлаңыз: жол апатының қаупі жоғары

Қазір мұндай құқық бұзушы­лықтың жазасы ауырлатылған, екінші рет ұсталғандар жеті жыл­ға дейін жүргізушілік куә­лігі­нен айрылады. Соған қара­май адам­дардың мас күйінде рульге отыруы тыйылар емес. Ұсталғандардың арасында жастар ғана емес, жасы ұлғайған адамдар да бар. Мәсе­лен, тоқ­та­тылған Lada Granta авто­кө­лі­гінің мас жүргізушісі 68 жастағы қала тұр­ғыны болып шықты. Меди­ци­на­лық куәландыру оның «же­ңіл дәрежедегі алкогольдік ма­саң» екенін көрсетті. Оған Әкім­шілік құқық бұзушылық ту­ра­лы кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бо­йынша хаттама толтырылды. Ен­ді ол жеті жылға автокөлік бас­қа­руды ұмытуына тура келеді. Өйт­кені ол бұрын да масаң күйде кө­лік жүр­гіземін деп ұсталған екен.

Сонымен қатар профилак­ти­калық шара барысында қауіп­сіздік белдігін тақпаудың 226, рульде келе жатып телефонмен сөй­­лесудің 165 фактісі, жаяу жүр­­­гіншілер тарапынан 301 бұзу­­­шылық тіркелді. Сондай-ақ жыл­­дамдықты асырудың 94, тех­­ни­калық байқаудан өтпеген кө­лік құралын басқарудың 70, бұрын көлік басқару құқығынан айырылған адамдардың авто­көлікті басқаруының 11 фактісі анықталды.

Төрт күннің ішінде ғана осынша бұзушылық анықтал­ғаны – мә­се­ленің өзекті екенін көрсе­теді.

Кейбіреулердің жолаушылар мен жүктерді заңсыз тасымал­дай­тыны да анықталған. Мәсе­лен, ар­найы тоқтатылған Nissan авто­кө­лігінің иесі жолаушылар мен жүк­терді заңсыз тасымал­даумен айна­лысып жүрген. Еш­қандай рұқ­сат қағазы бол­маған бұл адамға қа­тысты ӘҚБтК 463-бабы бойынша әкім­­шілік хаттама толтырылды және процессуалдық шешім қабыл­дау үшін сотқа жолданды.

Қазір Солтүстік Қазақстан­ның жол­­дарында көктайғақ қау­пі жо­ға­ры. Кешкі мезгіл мен та­ңертеңгі уақыт­тарда күн­діз жіп­сіген қардың суы қа­тып, нағыз мұз айдынға айна­­лады. Солтүстік Қазақстан ПД Жер­­гі­лікті поли­ция қызметі бас­қар­ма­сының бас­тығы, полиция под­пол­ковнигі Айдын Байматовтың айтуына қа­ра­ғанда, 8 қарашадан бас­­тап полицейлер көктайғаққа бай­­­ла­нысты жүргізушілер мен жаяу жүр­­­гіншілерден аса сақ бо­лу мен қы­­рағылық танытуын, жыл­дам­­дық режімін, ара­қа­­шықтықты сақ­­тауды, белгі­лен­беген жерлерден жол­­ды кесіп өтпеуді ескертуде. «Қауіп­­­сіз жол» опе­ра­циясының бас­­ты мақсаты – жол жүрісі қағи­да­ла­рын өрескел бұзудың алдын алу және көлік апаттарын ескерту. Же­дел-про­фи­лактикалық іс-шара ­17 қара­шаға дейін жал­ғасады», дейді А.Байматов.

 

Солтүстік Қазақстан облысы