07 Мамыр, 2010

ТАУЛЫҚТАР ҚАТЫНАС НЫҒАЯ ТҮСКЕНІН ҚАЛАЙДЫ

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше ЕҚЫҰ-ның Іс басын­дағы төрағасы, Қазақстан Респуб­ли­касының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Грузия Сыртқы істер министрі Григол Вашадземен кездесті. Кездесуден соң журналистерге арнап берілген брифингте тараптар екі елдің сыртқы саясат ведом­ство­лары арасында әріптестікке қол қой­ылғанын, Қазақстан мен Гру­зия­ның қарым-қатынастарының қар­қынды даму үстінде екенін айтты. Қанат Саудабаев Грузияның елі­міздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығына нақты қолдау жасап, бүгінгі таңда Алматыда өтетін сыртқы істер ми­нистрлерінің бейресми кеңесі мен жыл аяғында болатын ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының сам­митіне дайындық жұмыстарына белсенді түрде қатысуына риза­шы­лығын жеткізді. “Бұл өз кезегінде Ұйымның дамуына ғана емес, осы Ұйымға мүше елдердің аумағында қауіпсіздік пен өзара ынты­мақ­тас­тықтың нығаюына өз септігін ти­гі­зеді”, – деп атап өтті Қ.Саудабаев. Ал Григол Вашадзе Қазақ­стан­ның ЕҚЫҰ-дағы биылғы төр­аға­лығы аясында ғана Ресей мен Гру­зия бетпе-бет бірқатар мәселелерді талқылауға кіріскеніне тоқтала келіп: “Бүгін біз мәдени, саяси-эко­номикалық байланыстарды да­мыту мен халықаралық ұйымдар ая­сындағы қарым-қатынастары­мыз­ды нығайту мәселесін талқы­ладық. Сондай-ақ екі елдің билік партиялары арасында да осындай байланыстар орнаса болар еді”, – деді. Мұнан соң Грузия Сыртқы іс­тер министрі Қазақстанның Астана қаласында ЕҚЫҰ саммитін өткізуге байланысты бастамасын толығымен қолдайтындығын жеткізді. – Бұл – менің Астанаға алғашқы сапарым, маған Астана келбеті ерекше әсер берді, жалпы, Грузияның Қазақстаннан үйренері мол, біз қарым-қатынастардың нығая түсуіне мүдделіміз, – деді сөзінің соңында Григол Вашадзе. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.