SES спутниктік операторы, Республикалық ғарыштық байланыс орталығы (РҒБО) және AsiaNetCom компаниясы Қазақстанның шалғай елді мекендерінде жоғары жылдамдықты байланыс арналарын тестілеу үшін пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Көктерек» ғарыштық байланыс орталығында орналасқан телепортты қосу үшін SES компаниясының бірінші буындағы O3b спутниктері қолданылады. Интернетке қол жеткізу Ақтерек және Беріктас ауылдық елді мекендерінің тұрғындары үшін жүргізілетін болады. Компаниялар төмен түсетін арна бойынша интернет жылдамдығын 380 Мбит/с және SES O3b спутниктік топтамасы арқылы 120 Мбит/с қамтамасыз ете алды.
Айта кетсек, SES әлемдегі жалғыз көп орбиталық жерсеріктік топтаманы ғаламдық қамту мен жоғары өнімділіктің ерекше үйлесімімен, соның ішінде іс жүзінде дәлелденген O3b орташа орбиталық жүйесімен басқарады. Жерсеріктік байланыс арналары арқылы интернетке қолжетімділік ауылдарда 30 күн ішінде берілетін болады.
«Цифрлық даму министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі барлық ауылдық елді мекендерді интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамту болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстандағы 617 ауыл жерүсті байланыс технологияларына қосылмаған. Біз әртүрлі елді мекендерде интернетке жоғары жылдамдықты қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін спутниктік технологияларды пайдалану мәселесін зерттеп жатырмыз», деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз конференциясы барысында.
«РҒБО» АҚ Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев елімізде шалғай ауылдарда жоғары жылдамдықты байланыс арналарымен қамтамасыз ету үшін инновациялық спутниктік технологияларды қолдану мүмкіндіктері қарастырылып жатқанын атап өтті.
«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы Қазақстанның ұлттық спутниктік операторы бола отырып, біздің халықаралық әріптестерімізбен ынтымақтастықта еліміздің телекоммуникациялық нарығындағы тұтынушыларымыздың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін неғұрлым оңтайлы инновациялық технологиялық спутниктік шешімдерді айқындау бойынша жұмыс жүргізуде. Біз бірқатар келіссөздер жүргіздік, біздің мамандар халықаралық нарықта қолданылатын ұсыныстарды зерттеп жатыр. Осындай қызықты, инновациялық шешімдердің бірі - SES O3b компаниясының орташа орбиталық спутниктік топтамасы. Біздің келіссөздеріміз бен ынтымақтастығымыздың нәтижесі ретінде демонстрациялық бағдарлама болып табылады, оның аясында біз барлық қажетті тестілік сынақтарды өткізуді жоспарлап отырмыз», деп түсіндірді Мәлік Жүйріктаев.
SES компаниясында атап өткендей, O3b mPOWER спутниктік тобы пайдалануға берілгеннен кейін қуат өсімін арттыру жоспарлануда. Сонымен қатар, O3b mPOWER Үкіметтің, бизнестің және ұялы байланыс операторларының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін айтарлықтай жоғары өнімділік пен икемділікті қамтамасыз етеді.
«Біздің команда серіктестерімізбен бірге осы сәтті демонстрацияны жүзеге асыру үшін тынымсыз жұмыс жасады. Біз 380 Мбит/сек төмен түсетін арнаның және 120 Мбит/с жоғары шығатын арнаның жылдамдығына қол жеткіздік, мұның Қазақстанның ауылдық аудандарында баламасы жоқ. Біз Қазақстанға өз мақсаттарына - атап айтқанда адамдар үшін байланысты қамтамасыз етуге көмектесу үшін «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын қолдауға толығымен бейілдіміз. Демонстрация аяқталғаннан кейін біз нәтижелі ынтымақтастыққа үміттенеміз», деді SES қаржы директоры Сандип Джалан.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабековтың айтуынша, ведомство SES компаниясымен дәстүрлі жерсеріктерді пайдалану мәселелерін шешу мақсатында екі жыл бұрын өзара іс-қимылды бастаған.
«O3b спутниктері шеше алатын негізгі міндет - шалғайдағы ауылдық елді мекендерді интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету», деп атап өтті вице-министр Мәлік Олжабеков.
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:08
Бір күнде 1643 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Теннис • Бүгін, 08:45
Футбол • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:37
Шілде айындағы үздіктер анықталды
Футбол • Бүгін, 08:35
Шахматшылардың тарихи жетістігі
Спорт • Бүгін, 08:34
«Алтын тай» Аягөздің еншісінде
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Орақ науқанына дайындық ойдағыдай
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Курчатовта медицина мамандары тапшы
Аймақтар • Бүгін, 08:28
Оныншы қабаттан құлаған баланы қағып алған
Қоғам • Бүгін, 08:25
Халықтан ақша жинау заңмен реттеледі
Қоғам • Бүгін, 08:22
Сақтандыру нарығында көрсеткіштер өскен
Экономика • Бүгін, 08:20
Әуежайдағы жарылыстың себебі белгісіз
Әлем • Бүгін, 08:18
Солтүстікке көшіп келушілердің жағдайымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Режиссерлерге тең мүмкіндік берілуге тиіс
Кино • Кеше
Шабындық... бірде көл, бірде шөл
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік «Илон Маск» тұңғыш қазақстандық электрмобильді құрастырды
Технология • Кеше
Ватикан басшысы Қазақстанға келеді
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Қазақстан бақылауына өтуі мүмкін
Экономика • Кеше
Ұлттық қор – ұрпақ игілігі десек...
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
15 мыңға жуық оқушы жаңа мектепке барады
Білім • Кеше
Жылыту маусымына дайындық алаңдатады
Аймақтар • Кеше
Тарих • Кеше
Ескі кесел: Эпилепсияға операция жасауға бола ма?
Медицина • Кеше
Былтырғыдай шөп тапшылығы болмайды
Аймақтар • Кеше
Сартүбек сапары Торғай тойға дайындалып жатыр
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Әдебиет • Кеше
Мажарстан астанасында «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» жинағы жарық көрді
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Әуезовтің Шыңжаңдағы шәкірттері
Әдебиет • Кеше
Оңалту құралдарын портал арқылы алдыруға болады
Қоғам • Кеше
Чемпиондық жолындағы «тар жол, тайғақ кешу»
Бокс • Кеше
Аймақтар • Кеше
Абайтануға арналған интеллектуалдық алаң
Абай • Кеше
Ұқсас жаңалықтар