Оқиға • 19 Қараша, 2021

Елордада «Еуропалық» тұрғын үй кешенінің тұрғындары эвакуацияланды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада «Еуропалық» тұрғын үй кешенінің тұрғындары эвакуациялануда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада «Еуропалық» тұрғын үй кешенінің тұрғындары эвакуацияланды

«19 қараша күні сағат 15.29-да Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаметінің өрт сөндіру бөлімшесі Боталы көшесі, 26 мекенжайдағы өрт туралы хабарлама алып, оқиға орнына аттанды.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минуттың ішінде жетіп, 18 қабатты «Еуропалық» тұрғын үй кешенінің №1 кіреберісіндегі 10 мен 14 қабат аралығында электр кабельдері тартылған шахтаның жанып жатқанын анықтады», деді елорданың Төтенше жағдайлар департаментінен.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта аталған тұрғын үй тұрғындарын қауіпсіз жерге шығару іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Өрттің алдын алуға Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 22 маманы мен 6 техникасы жұмылдырылған.