Аймақтар • 20 Қараша, 2021

Алматыда сауда үйінің бірінен өрт шықты

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда «Ақсай» сауда үйінен өрт шықты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда сауда үйінің бірінен өрт шықты

Ведомства мәліметінше, өрт бүгін түскі 13:45-те шыққан. Сауда үйінің өртеніп жатқаны туралы хабарламаны ала салысымен арнайы жасақ оқиға орнына барған.

«Өрт сөндіру бөлімшелері жоғары дәрежедегі шақырту бойынша шықты, 6 минутта жеткенде «Ақсай» сауда үйінің 1-ші және 2-ші қабаттарындағы бутиктерде 150 шаршы метр аумақта өрт шыққанын анықтады. Дереу әмбебап және лафеттік өрт оқпандары енгізіліп, газ-түтіннен қорғау қызметінің 3 тобы және түтін шығаратын автокөлік жұмылдырылды. AD 120 түтін шығаратын жану өнімдерінің концентрациясын азайту үшін пайдаланылды», деп хабарлады департаменттен.

Өрт 14:12-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.