Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Бейімбет Майлин ауданындағы Тобыл кентінде «Ұлт рухы» деп аталатын тәуелсіздік аллеясы ашылды. Аудан әкімдігінің мәліметінше, жобаның құрылысына алтын мен мыс өндіретін ірі кәсіпорын «Варваринск» акционерлік қоғамы 16,5 млн теңгеден астам қаржы бөлген.

Демалыс орнына кіреберіс қақпаның маңдайшасындағы ту түстес көк тақтайшада ірі әріптермен әдіптелген «Ұлт рухы» деген жазу анадайдан көрінеді. Аллеяның қақ ортасында домбыраның мүсіні орналасқан. Оның айналасына қойылған он орындықтың төртеуіне күннің көзінен қуат алатын панельдер орнатылған. Мұндай смарт-құрылғылар тұрғындардың ұялы телефондарын қуаттап алуына және WIFI желісіне қосылуына мүмкіндік береді. Жаңа аллея түні бойы жап-жарық болып тұрады, мұнда орнатылған 10 шақты бағана шамы қас қарая бере автоматты түрде қосылады.
Тәуелсіздік аллеясының ашылу салтанатына жергілікті ардагерлер кеңесінің өкілдері, аудан әкімінің орынбасары Назгүл Манасова, «Варваринск» АҚ-тың атқарушы директоры Владимир Ефременко, мемлекеттік қызметшілер мен Тәуелсіздік жылы дүниеге келген жастар қатысты. Шара барысында әкім орынбасары Тобыл тұрғындарын жаңа демалыс орнының ашылуымен құттықтап, тоғыз жолдың торабында жатқан кентті абаттандыруға үлес қосқан кәсіпкерлерге алғыс айтты.
– Қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай бүгін тұрғындар игілігіне беріліп жатқан «Ұлт рухы» демалыс алаңы ауданымыздағы ірі кәсіпорындардың көмегімен абаттандырылды. «Елу жылда ел жаңа» демекші, еліміз тәуелсіздікке ие болған 30 жыл ішінде біздің ауданымызда да көптеген игі іс атқарылды. Ауданымызға қазақ жазба әдебиетінің бастауында тұрған ұлы жазушы, жерлесіміз әрі мақтанышымыз Бейімбет Майлин атамыздың есімі берілгеніне де көп бола қойған жоқ. Ауданымыз көз алдымызда көктеп келеді. Жыл сайын жолдар жөнделіп, тротуарлар төселуде, көптеген әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр. Осының бәрі бірлігіміз бен елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің жемісі, – деді Н.Манасова.
Қостанай облысы
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Кеше
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Кеше
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Кеше
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Кеше
Қазақстан Түркиямен барлау әскери ақпаратымен алмасатын болады
Қазақстан • Кеше
Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Аймақтар • Кеше
Бішкекте қазақ кинолары көрсетілді
Кино • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда жоғалған қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық сотталды
Оқиға • Кеше
Алматыда екі көше жартылай жабылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар