Аймақтар • 22 Қараша, 2021

Шымкентте «Қарулы Күштердің ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің туы табыс етілді

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «Қарулы Күштердің ардагерлері» Шымкент қалалық филиалы республикалық қоғамдық бірлестігінің туын табыс ету рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте «Қарулы Күштердің ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің туы табыс етілді

Іс-шараға Шымкент гарнизонының әскери бөлім командирлері мен мекеме бастықтары, сондай-ақ ардагерлер қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары қатысты.

Рәсімде «Қарулы Күштердің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары генерал-майор Марат Нағыманов Шымкент қаласы филиалының төрағасы запастағы полковник Серікбай Онбаевқа бірлестіктің құрылғанына 10 жыл толуы және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеуде атқарған жұмыстарын оң бағалап, бірлестіктің туын салтанатты түрде табыс етті.

«10 жыл ішінде бірлестік Қарулы Күштердің көптеген құрамымен, бөлімімен, Қорғаныс министрлігі департаменттерімен тығыз байланыс орнатты. Ардагерлер Қарулы Күштердің барлық әлеуметтік маңызы бар шараларына қатысты. Олар әскерге шақырылу алдындағы және әскер қатарына шақырылатын жастармен кездесулер өткізіп, жоғары оқу орындарында, колледждерде, орта және арнайы мектептерде тәлім тәрбие көрсетті. Жастармен жақын қарым-қатынас орнатып, олардың бойында еліміздің тарихына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға атсалысты және әскери мамандыққа деген қызығушылықтарын оятты», деді генерал-майор Марат Нағыманов өз сөзінде.