Жеңіс мерекесі жақындаған сайын арамызда жүрген ардагер-жауынгерлерге деген құрмет тіпті арта түскендей. Олардың ел қорғаудағы ерлігі мен бейбіт замандағы ерен еңбегі бүгінде көпке үлгі. Жеңіс мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған ізгі шаралардың бірі жуырда “Алатау” шипажайындағы дастарқан басында жалғасты. Алдыңғы күні Мәскеу мен Астанада өтетін салтанатты шеруге Жетісу өлкесінен арнайы қатысатын бір топ соғыс ардагерлері бас қосқан жиында облыс әкімі Серік Үмбетов ақсақалдарды мерекелерімен шын жүректен құттықтады.
– Ел басына күн туған зұлмат шақты бастан өткізіп, ұрпаққа бүгінгі бақытты өмірді сыйладыңыздар. Уақыт алыстаған сайын қаһарман аға ұрпақтың айбыны да арта түсуде. Оқ пен оттың алапатынан аман оралған, “Жеңіс” деген ұлы сөзді сыйлаған сіздердің ерліктеріңіз әрқашан құрметке лайық. Келер ұрпақ үшін өшпес өнеге. Сондықтан да өңірдегі ардагерлер атынан Мәскеу мен Астанадағы Жеңіс шеруіне қатысу құрметіне ие болып отырсыздар. “Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты”, демекші, осы аталы сөзге лайық барша ардагер жауынгерлерге денсаулық тілеймін. Ұрпақтарыңыздың бақытын көріңіздер, – деген облыс әкімі оларға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік медальдарды тапсырып, зор ілтипат танытты.
Алматы облысынан Мәскеудегі Жеңіс шеруіне майданға 1942 жылы шақырылып, Москва қаласын қорғауға қатысқан, І-ші дәрежелі Отан соғысы, “Халықтар Достығы” ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған ішкі істер саласының генерал-майоры, талдықорғандық Әбдіқадыр Болсамбеков пен Қарасай ауданынан келген І-ші Украина майданында ұрысқа қатысып, ерлігімен танылған, ІІ-ші дәрежелі Отан соғысы, “Қызыл Жұлдыз” ордендерімен марапатталған Шамай Қайназаров баратын болды.
Бұдан басқа 10 соғыс ардагері Отанымыздың бас қаласы Астанада өтетін Жеңіс шеруі сапында болу құрметіне ие болды. Олардың арасында отты жылдарда ерлермен бірдей ерлік көрсеткен қараталдық Нина Қабдрахманова, жамбылдық Шолпанқұл Таранов, балқаштық Сейдахмет Әбдірәсілов, еңбекшіқазақтық Жолдын Иманқұлов, шонжылық Әбдіжәлел Шарипов, талғарлық Өкен Нұрғожаев бар.
Кездесуде Мәскеуге баратын ардагер жауынгер Шамай Қайназаров сөйлеп, бүгінгі таңда өздеріне көрсетілген құрметке алғысын айтты.
Осындай жылы лебізді Райымбек ауданынан келген 91 жастағы Шоғанбай Мұсаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Егеубек Далбағаев, алакөлдік Смадияр Санияров та білдірді.
Мерекелік көңіл-күйдегі қарт жауынгерлер Сүйінбай атындағы облыстық филармония өнерпаздарының концертін тамашалап, кешкісін Астанаға аттанды.
Күмісжан БАЙЖАН.
Алматы облысы.

Нұрхат Ораш: Ата заң жай ғана құқықтық ережелер жинағы емес
Жастар • Бүгін, 16:48
Мемлекет басшысының Пәкістандық The News International басылымына берген сұхбаты жарияланды
Президент • Бүгін, 16:38
Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: Марқұмның күйеуіне қатысты видео тарады
Оқиға • Бүгін, 16:29
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Ата заңдағы өзгерістерді өңірлерде түсіндіреді
Ата заң • Бүгін, 16:15
Алматы облысында жеке тұрғын үйден төрт адамның мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Роналду «Әл-Насрдан» мерзімінен бұрын кетуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:44
Алматыда ірі жол апаты болды: Такси жүргізушісінің жүрегі тоқтап қалған
Оқиға • Бүгін, 15:33
Өнер • Бүгін, 15:25
Оқушыларға мамандық таңдасатын ЖИ-агент іске қосылды
Білім • Бүгін, 15:11
Алматы • Бүгін, 15:02
Ресейден Қазақстанға өтетін газ құбыры қашан іске қосылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:51
Түркістан облысында шалғайдағы ауылдар табиғи газға қосылды
Аймақтар • Бүгін, 14:23
Ыстықкөлдегі курорттық нысандар қашан жаңғыртылады?
Сенат • Бүгін, 14:15
HUMAN-AI: Қазақстанның тағы бір жоғары оқу орны халықаралық жобаға қосылды
Білім • Бүгін, 14:08
Түркістан өңірінде заңсыз алтын өндірген 12 күдікті ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:01