ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде 23 қарашада ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда жел екпіні секундына 16 метрге дейін жетуіне, қарлы боран мен көктайғаққа байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайтын болды.
«Олар сабақты онлайн форматта оқиды. Таңертең қаладағы бастауыш сынып оқушылары да қашықтан оқыту форматына ауысқан», деп хабарлады ведомство өкілдері.